Өскемен әуежайының маңында ұшақ құлады, – деп хабарлайды Tengrinews.kz.
"Санитарлық авиацияның АН-2 ұшағы сағат 12.33-те Прапорщиково ауылының маңында апатқа ұшырады. Ұшақта бес адам болған. Барлығы аман", – деп хабарлады ШҚО ТЖД өкілдері.
"Қазақстанның авиациялық әкімшілігі 1Орлан 20001 әуекомпаниясының Ан-2 ұшағы санитарлық тапсырмамен Өскемен-Ақсуат бағыты бойынша ұшып бара жатқан. Сағат 12.50-де экипаж қозғалтқыштағы жағдайды айтты. Ұшақ командирі Өскемен әуежайынан 1,5 шақырым жерде қонуы керек болды. Ұшақта бес адам болды, үш экипаж мүшесі мен екі жолаушы. Қаза тапқандар жоқ", – деп хабарлады Азаматтық Авиация комитетіндегілер.