Пәтер кімге бұйырады?
Пәтер кімге бұйырады?
Жетісу облысы орталығындағы тұрғын үй саласындағы түсініспеушіліктің басталға­нына он шақты жылдан асты. Содан бері бас­­пана пәтер кезегінде жылдар бойы тұр­ған­дар­ға, әлеу­меттік тұрғыда аз қамтыл­ғандарға емес, тамыр-таныстары барларға бұйырып келеді. Осы жылдар аралығында бір­не­ше шулы дерек анықталып, осы­дан біраз бұрын бірнеше адам сот­талғаны да жұрттың есінде. Қа­лалық тұрғын үй, коммуналдық-шаруа­шылық бөлімінің басшы­ла­ры да жиі ауысатын болып, қыр­сы­ғы мол лауазымнан аман-есен құ­тылғанына қуанатын дәрежеге жет­кені де рас. Шын айту керек, жал­ға берілетіні бар, коммуналдық мен­шіктегісі бар пәтерлерді бөлу­де, беруде талай әділетсіздік бай­қа­лады. Былтыр қаланың тізгінін ұста­ған Әсет Масабаев қаладағы тұр­ғын үй кезегін ретке келтіруге бел шеше кіріскен еді. Осы бағыттағы нәти­желі жұмыс кейінгі оншақты жыл­дықта Талдықорған қаласында қа­зына қаражатына тұрғызылған жүз­деген үйдегі мыңдаған пәтердің кө­бі іс жүзінде баспанаға мұқтаж­дар­дың орнына ебін тапқандар заң­сыз иемденіп келгені мәлім бол­ды. Тіпті, күллі республикаға жа­рия­лап, сүйіншілеткен «Береке» кот­тедж қалашығындағы жеке үй­лер­ді беруде де ши шықты. Мұнда да үйді заңсыз иемденгендер бар. Со­ны­мен бірге салынған коттедж­дер­дің барлығына сапасыз болып шық­ты. Іргетасы құйылғанымен, ша­тыры жабылмай, құрылысы аяқ­­сыз қалғандары да жетіп жатыр. Жетісу облысының про­куроры Мадияр Басшыбаев Тал­дықор­ған­да пәтерге зар болған тұрғындардың қалтасын қағуға ниетті алаяқтар тобының пайда бол­ғанын мәлім­деді. Прокурордың ай­туына қара­ғанда, алаяқтар өз­дерін елге «қайы­рым­ды көмекші­лер» ретінде таныстырып, тиісті орын­дарда таныстарының көме­гі­мен баспана мәселесін шеше ала­тын­дығын ай­тып, ақша жинаған. Жақында ғана тұрғын үй алуда заң­сыз көмек көрсетуге уәдені үйіп-төгу арқылы жұрттың қалта­сын қағып келген кезекті топтың заңсыз әрекеті анықталды. Бұған дейін де осындай алаяқтық топтар құрықталған болатын.
– Қазір заңсыз әрекетке қаты­сы барғандардың үстінен қылмыс­тық іс қозғалды. Біз облыс орталы­ғын­дағы пәтерлерді бөлуде жылдар бойы қалыптасқан алаяқтық схе­ма­сын бұздық. Талдықорған қала­сы әкімдігіне баспана бөлудің ашық­тығын жолға қоюды тапсыр­дық. Электронды кезекті қалып­тас­­тыру бойынша жұмыстар аяқ­талды. Қала бойынша заңсыз берілген мыңнан астам пә­тер бары баршаға мәлім. Қолға алынған шаралар ба­рысында біраз баспана кері қай­тарылып, тұрғындар пәтерлерін заңдастырды, – деді прокурор.
Сондай-ақ ол салынғалы ба­сы­нан дау арылмаған «Береке» кот­тедж­ді қалашығының жағдайына да тоқтала кетті. Алғашқы қоныс тойы тойланған 2018 жылдың жел­тоқ­санынан бері тұрғындар тара­пы­нан түрлі органға жазылған, тү­­­­­сіп жатқан арыздар легі толас­та­ма­ған қалашықтағы үйлердің са­пасы сын көтермейді. 200-ден ас­там үйдің құрылысы толық аяқ­тал­маған, қаңқасы ғана қаланған көрі­неді. Ал 14 үйдің тек орны ғана тұр. Келген зиянның мөлшері 500 мил­­лион теңгеден асады. Қазір тер­­геу-тексеру жұмыстары жалға­сып жатыр. Облыс әкімі де құрылыс сала­сын­дағы кемшіліктерге көңіл бө­ліп, тиісті басқармалар мен жергі­лік­ті әкімдердің баса назар аудару­ды тапсырды.
– Құрылыс сапасы әрдайым бас­ты назарда болуы керек. Сапа­сыз салынған ғимараттар мен үй­ле­р аз уақытта апатты құрылысқа ай­налып, тұрғындардың өміріне қауіп туғызуы мүмкін. Сондықтан жо­балық-сметалық құжаттамасын әзір­леуден бастап, құрылыс жұ­мыс­тарының барлық кезеңдеріне қа­таң қадағалау қажет. Бюджет қа­ражаты есебінен салынып жат­қан құрылыс нысандарын қабыл­дау­дың бірыңғай әрі бұлжымай сақ­талуға тиісті тәртібі бекітілсін, – деді об­лыс әкімі.
Өңір басшысы аудан, қала әкім­­­­­­дерінің өз өңірінде жүргізіліп жат­қан құрылыс немес жөндеу жұ­­мыс­тарына тікелей жауапты еке­­нін еске салды.

Болат АБАҒАН, Жетісу облысы