Астанада бала ойнап отырып, домалақ ойыншықты жұтып қойған. №2 қалалық балалар ауруханасының дәрігерлері ойыншықтарды алып тастау үшін екі рет күрделі операция жасады. Сәбидің бірі небәрі 11 айлық болса, екіншісі – 1 жас 2 айға толған бала. Бұл туралы Aikyn.kz Астана әкімдігінің сайтына сілтеме жасап хабарлайды.
Кейбір жағдайда іште ойыншықтардың көлемі ұлғаюы мүмкін. №2 КҚБА шұғыл хирургия бөлімшесінің меңгерушісі Серік Баймулдин кешке қарай суға ұқсас шарды салып, таңертең бірнеше есеге үлкейгенін байқайды. Бірақ адам ағзасындағы сұйықтық кәдімгі суға қарағанда өзгеше. Сондықтан мұндай шарлар денеде қарапайым суға қарағанда тез ісінуі мүмкін.
«Ата-аналар баланың бір нәрсені жұтып қоюы мүмкін екенін ескермегендіктен, диагноз қою қиындайды. Өйткені олар жағдайды өздері білмейді. Адам мұндай кезде белгілер ішек инфекциясына өте ұқсас екенін түсінуі керек. Кішкентай шар аш ішекте тұрып қалғанда нәжіс шықпайды», – деді Серік Баймулдин.Қазір екі баланың да жағдайы қанағаттанарлық. Дәрігерлер бақылап отыр.