Түркістан облысында полицейлер 30-дан астам қойды ұрлаған күдіктілерді ұстады  
Түркістан облысында полицейлер 30-дан астам қойды ұрлаған күдіктілерді ұстады  
Фото: polisia.kz
673
оқылды
Түркістан облысы Жетісай ауданында қой ұрлағандар ұсталды. Үш ұры 30-дан астам қойды ұрлаған. Бұл туралы Aikyn.kz Polisia.kz-ке сілтеме жасап хабарлайды. Жетісай аудандық полиция бөліміне ұрыдан жапа шеккен жергілікті тұрғын арызданды. Ер адамның айтуынша, оның егістік алқапта жайылып жүрген бір отар қойының арасынан 33 бас қойды белгісіз біреулер ұрлап кеткен.
Аталған жайт Қылмыстық кодекстің 188-1-бабы ("Мал ұрлығы") бойынша тіркеуге алынды.
Қылмысты ашып, ұрыларды ұстау үшін полиция бөлімінде жедел тергеу тобы құрылды. Тәртіп сақшылары жергілікті 3 тұрғынды ұстады. Күдіктілер егістікте жайылып жүрген қойларды ГАЗель  жүк көлігімен алып кетіп, сатып жіберген. Күдікті үш адам қамауға алынды.