Елордада алжирлік ержүрек қайраткерлерді еске алу рәсімі өтті
Елордада алжирлік ержүрек қайраткерлерді еске алу рәсімі өтті
2023 жыл, 13 ақпан күні Алжир Халық Демократиялық Республикасының Қазақстан Республикасындағы Елшілігі Алжир мемлекетінің тәуелсіздік алуына елеулі үлес қосқан, қасиетті тәуелсіздік жолында құрбан болған алжирлік ержүрек қайраткерлерін еске алу рәсімін ұйымдастырды. Алжир Республикасы ресми түрде осы күні тәуелсіздік жолында құрбан болған батырларына арнап, әрі елдің жастарына, келер ұрпағына өнеге болсын деп арнайы еске алу іс-шараларын жыл сайын ұйымдастырып отырады. Алжир Республикасының күн тізбегінде бұл күн – Ұлттық Шахид күні деп аталады. Алжир халқының жүрегінде ең қасиетті күндердің бірі ретінде есте қалатын аталмыш осы іс-шарада Алжир Республикасының Жоғары мәртебелі елшісі Камал Финиш мырза сөз сөйлеп, өздерін тәуелсіздік жолында құрбан еткен батыр-бауырларына бағыштап дұға-тілек жасады. – Алжир халқының ең ұлы да ұлыс күнінде Қазақ елінің топырағында басымызды қосып еске алуымыз біз үшін үлкен ғанибет. Бұл Алла жолында, Отаны үшін – дүниесімен, мал-күлкін, өз жандарын құрбан етіп отқа ұшқан батырларымызды еске алуға арналған Ұлттық ұлысты күн! Ұлы Жаратушы Йемізден олардың қонақ үйі Фирдаус Жәннатынан болсын деп дұға етеміз, – деді мәртебелі елші мырза.