Ақпараттық қауіпсіздік мамандары ашық Wi-Fi-ға қосылу қауіпті болуы мүмкін екенін ескертеді. Тегін Wi-Fi желісіне қосылу қандай қауіп төндіретіні және мұндай желілерді пайдалану кезінде қалай қорғануға болатынын "Известия" басылымына сілтеме жасап Aikyn.kz түсіндіреді.
[caption id="attachment_240493" align="aligncenter" width="1800"] Ашық желілер арқылы берілетін деректерді ұрлау және шифрды шешу оңай, банк клиенттерінің логиндері мен парольдері де қолды болуы мүмкін. Фото Getty Images сайтынан алынды. Авторы: Chen Yongnuo[/caption]
Сарапшылардың пікірінше, ашық желілер арқылы берілетін деректерді ұрлау және шифрды шешу оңай, банк клиенттерінің логиндері мен парольдері де қолды болуы мүмкін.
Ашық Wi-Fi желілеріне қосылу арқылы қолданушылар өздерінің трафигі туралы деректерді бейтаныс адамдарға – күмәнді желілердің әкімшілеріне береді.
Трафикті бақылау мен сүзгілеу арқылы адамның барлық әрекеттерін қадағалауға болады.
[caption id="attachment_240497" align="aligncenter" width="1800"]
Ашық Wi-Fi желілеріне қосылу арқылы қолданушылар өздерінің трафигі туралы деректерді бейтаныс адамдарға – күмәнді желілердің әкімшілеріне береді. Фото Getty Images сайтынан алынды. Авторы: Kena Betancur[/caption]
Тегін интернетке қосылу үшін авторизациядан өту көп адамға ұнамайды. Бірақ мұндай авторизация Wi-Fi нүктесінің заңды, сенімді екенін көрсетеді.
Біздің елде де қоғамдық Wi-Fi нүктесінің иесі авторизациялау жүйесін орнатпаса, ол әкімшілік жауапкершілікке тартылуы тиіс.
Бұл – адамдардың жеке қауіпсіздігі мен деректердің қолды болмауының кепілі.
[caption id="attachment_240499" align="aligncenter" width="1800"]
Тегін интернетке қосылу үшін авторизациядан өту көп адамға ұнамайды. Бірақ мұндай авторизация Wi-Fi нүктесінің заңды, сенімді екенін көрсетеді. Фото Getty Images сайтынан алынды. Авторы: Jeffrey Greenberg[/caption]
Киберқауіпсіздік мамандары ашық, тегін Wi-Fi желісіне қосылған адам барлық жауапкершілікті өз мойнына алады. Сондықтан да қоғамдық желіге тіркелуде сәйкестендіру талаптарынан қорқудың қажеті жоқ.
[caption id="attachment_240500" align="aligncenter" width="1800"]
Тегін Wi-Fi арқылы ірі сауда орталықтарының қожайындары тұтынушылар туралы ақпарат жинай алады. Сарапшылар сауда орталығына кіргенде смартфондағы Wi-Fi функциясын өшіруге кеңес береді. Фото Getty Images сайтынан алынды. Авторы: Jessica McGowan[/caption]
Ресейде 2014 жылдан бері қоғамдық орындардағы тегін интернет нүктелері қолданушылдарды міндетті түрде сәйкестендіруі тиіс. Оларда авторизация екі түрде – мемлекеттік қызметтер порталы арқылы немесе телефон нөмірі бойынша жасалады.
Қоғамдық Wi-Fi нүктесінің иесі авторизациялау жүйесін орнатпаса, оған айыппұл салынады.
Тегін Wi-Fi арқылы ірі сауда орталықтарының қожайындары тұтынушылар туралы ақпарат жинай алады. Сарапшылар сауда орталығына кіргенде смартфондағы Wi-Fi функциясын өшіруге кеңес береді.