Өскеменде құлаған ұшақтың фотосы мен видеосы жарияланды
Өскеменде құлаған ұшақтың фотосы мен видеосы жарияланды
560
оқылды
Өскеменде апатқа ұшыраған АН-2 ұшағының суреттері пайда болды.  width= https://youtu.be/AS9UmZdvj1U Видео: "Қазақпарат".  width= Айта кетейік, бұған дейін Өскеменнің түбінде ұшақ апатқа ұшыраған болатын. «Санитарлық авиацияның АН-2 ұшағы сағат 12.33-те Прапорщиково ауылының маңында апатқа ұшырады. Ұшақта бес адам болған. Барлық жолаушы аман», – деп хабарлады ШҚО ТЖД өкілдері.    width= «Қазақстанның авиациялық әкімшілігі «Орлан 2000» әуекомпаниясының Ан-2 ұшағы санитарлық тапсырмамен Өскемен-Ақсуат бағыты бойынша ұшып бара жатқан. Сағат 12.50-де экипаж қозғалтқыштағы жағдайды айтты. Ұшақ командирі Өскемен әуежайынан 1,5 шақырым жерде қонуы керек еді. Ұшақта бес адам болды, үш экипаж мүшесі мен екі жолаушы. Қаза тапқандар жоқ», – деп хабарлады Азаматтық Авиация комитеті.