Хакерлер НАТО-ның Арнайы операциялық күштер штабының порталына шабуыл жасады. Бұл туралы Lenta.ru сайты ТАСС агенттігіне сілтеме жасап хабарлады. Халықаралық шиеленіскен жағдайда әскери ұйымның ақпараттық ресурсына жасалған шабуылдың себептерін Aikyn.kz ресейлік ақпарат көздеріне сүйеніп сараптайды.
[caption id="attachment_240506" align="aligncenter" width="1800"]
Шабуыл Солтүстік Атлантика әскери альянсының Арнайы операциялық күштер штабының порталына да жасалған. Оқиғаның нақты қашан болғаны айтылмаған.Қазір сайт толық жұмыс істеп тұр. Альянстың өкілі оқиғаны киберқауіпсіздік саласындағы сарапшылар белсенді түрде тексеріп жатқанын мәлімдеді. [caption id="attachment_240507" align="aligncenter" width="1429"]
29 желтоқсанда ресейлік RaHDit (Зұлым орыс хакерлері) хакерлер тобы НАТО әскери қызметкерлері мен Балтық, Украинадағы киберорталықтарға қызмет көрсететін және кеңес беретін жеке тұлғалардан тұратын 100-ден астам адамның үшінші тізімін жариялады.Ресейге қарсы соғысқан офицерлердің тізімі Немезида жобасының порталында «Шетелдік сыбайластар мен жалдамалылар» – «НАТО кибер күштері» бөлімінде жүктелген.