Арыстанбек Мұхамедиұлын қамауда ұстау мерзімі тағы да ұзартылды
Арыстанбек Мұхамедиұлын қамауда ұстау мерзімі тағы да ұзартылды
Фото: baribar.kz
475
оқылды
Экс-министр Арыстанбек Мұхамедиұлын қамауда ұстау мерзімі тағы да 2 айға ұзартылды. Бұл туралы Астана мамандандырылған ауданаралық тергеу сотының баспасөз қызметі хабарлады.
«13 ақпанда Астана қаласының мамандандырылған ауданаралық тергеу соты күдікті А.Мұхамедиұлының қамауда болу мерзімін 2 айға ұзартты», – деп жазылған соттың ресми хабарламасында.
Айта кетейік, Арыстанбек Мұхамедиұлы биыл 29 мамырда бюджет қаражатын жымқырды деген күдікпен ұсталған еді. Антикордың дерегінше, «Алтын адамның әлем музейлеріне шеруі» халықаралық көрмесін өткізу үшін 146 миллион теңге қазына қаржысын жымқырды деген күдікке ілініп отыр.