Ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбек Түркияда оқып жүрген қазақстандық студенттер елге келіп оқуға болатынын айтты, – деп хабарлайды Aikyn.kz. Inform.kz-тің жазуынша, қазіргі зілзала қаупін ескеріп, Қазақстандағы университеттер қабылдау ережесін өзгертті.
«Сыртқы істер министрлігімен өте тығыз байланыста жұмыс істеп жатырмыз. Біз Түркияда оқып жүрген өз азаматтарымыз бен қандастарымызды Қазақстанда оқуға қабылдауға дайынбыз. Сол үшін оқуға қабылдау ережесін өзгерттік. Бұған дейін тек қана сессия арасында немесе жазғы демалыста ғана ауысатын болса, қазіргідей қиын жағдайда біздің университеттер қабылдауға дайын», – деді министр.Бұған дейін арнайы ұшақпен елге оралған азаматтар туралы жазған болатынбыз.