Түркияда жер сілкінісінен 198 сағат өткен соң ағайынды жігіттер құтқарылды

Түркияда жер сілкінісінен 198 сағат өткен соң ағайынды жігіттер құтқарылды

Жер сілкінісінен 198 сағат өткен соң Түркияның Кахраманмараш қаласындағы көпқабатты үйдің қирандыларынан екі адам құтқарылды, – деп хабарлайды CNN Turk. 

«Зардап шеккендердің бірі Мұхаммед есімді 17 жастағы жігіт. Құтқарушылар алдымен 17 жастағы Мұхаммед Энес Енинарға, содан кейін оның ағасы – 21 жастағы Баки Енинарға жәрдемдескен», деп хабарлайды телеарна.
Телеарна көрсеткен кадрлардан зардап шеккендерді жедел жәрдем көліктеріне апара жатқанын көруге болады. Сондай-ақ зілзаладан 185 сағаттан кейін үйінді астынан 10 жасар қыз баланың құтқарылғаны хабарланған болатын. Айта кетейік, 6 ақпанда Түркияның оңтүстік-шығысында 7,7 және 7,6 балдық жер сілкінісі болды. Зілзала 1939 жылдан бергі ең жойқын табиғи апат болды. Соңғы мәліметтер бойынша, қайғылы оқиға салдарынан 31 мыңнан астам адам қаза тапқан.