"Жүкті әйелі мен енесі табылмай жатыр": Гандболдан Түркия құрамасының капитаны 5 жасар баласымен бірге қиранды астында қаза тапты
"Жүкті әйелі мен енесі табылмай жатыр": Гандболдан Түркия құрамасының капитаны 5 жасар баласымен бірге қиранды астында қаза тапты
Фото: thf.org.tr
1,170
оқылды
Гандболдан Түркия ерлер құрамасының капитаны Джемаль Кютахья мен оның бес жасар ұлы Хатай аймағындағы Антакья қаласында жер сілкінісінен көз жұмды. Қайғылы хабарды Түркия гандбол федерациясы мәлімдеді. Джемаль мен оның бес жасар ұлы Чинардың денесі Антакьядағы өздері тұрған үйдің қирандысынан табылған. Ал оның жүктіліктің төртінші айындағы әйелі Пелин Кютахья мен қайын енесі Нутен Мутлу әлі табылмай жатыр. "Біз ұлттық құраманың капитаны Джемаль Кютахья мен оның бес жасар ұлы Чинар Кютахьянның қаза тапқанын қайғыра хабарлаймыз. Джемаль ұлттық құрамадан бөлек, жағажай волейболынан да команда көшбасшысы саналатын. Ол команда капитаны ретінде біздің құраманы биік деңгейге шығарып, ел намысын абыроймен қорғады. Қайғыра көңіл айтамыз" делінген хабарламада.