Түркияға еліміз қаржы жинап жіберген киіз үйлер керек емес

Түркияға еліміз қаржы жинап жіберген киіз үйлер керек емес

Түркияда жүрген отандасымыз 3-4 күн бұрын ғана елден қаржы жинап сатып алып, кеше Түркияның апатты аймағында тігіле бастаған киіз үйлердің керек емес екенін мәлімдеді. Көмектесуші еріктілер қатарында жүрген ол киіз үй орнына экскаватор алу қажеттігін алға тартты. Оның айтуынша, үйінді астында қалған адамдарды құтқаруға адам саны жетіспей жатқан көрінеді.
«Қазақстаннан киіз үй келеді деп жатыр. Керек емес ол. Көзбояушылық. Сол 100 млн теңгеге 200 қазақты жіберген дұрыс. Ол киіз үйді әкеледі, ұшаққа ақша төлейді. Мынадай палаткалар бар. Мұндағылар киіз үйді құра ма, әлде тірі адамдарды құтқара ма? Киіз үйден гөрі экскаватор керек болып жатыр мұнда», – дейді Түркияда зілзала болған аумақта көмектесіп жүрген отандасымыз.