Қазақстан шекарасына жақын жерде жер сілкінісі болды

Қазақстан шекарасына жақын жерде жер сілкінісі болды

ҚР Төтенше жағдайлар министрлігінің сейсмологиялық тәжірибе-әдістеме экспедициясы 14 ақпан күні Алматы уақытымен сағат 19:56-да жер сілкінісін тіркеді. Жерасты дүмпуінің ошағы Алматы қаласынан оңтүстікке қарай 599 шақырым жерде, Қытай аумағында орналасқан. Энергетикалық санаты – 8.9. MPV магнитудасы – 4.1. Тереңдігі – 15 шақырым. МSК-64 бағаны бойынша сезілгені туралы мәлімет жоқ.