Бас прокуратура жөнделмеген жолдар үшін қазынадан қыруар қаржы жымқырғандар туралы айтты
Бас прокуратура жөнделмеген жолдар үшін қазынадан қыруар қаржы жымқырғандар туралы айтты
Фото: kolesa.kz
Мемлекет басшысының тапсырмасын іске асыру шеңберінде прокуратура органдары жолдың жай-күйін тексерудің қорытындысын шығарды. Бұл туралы Aikyn.kz Бас прокуратураға сілтеме жасап хабарлайды. Жол жөндеуге бөлінген қыруар қаржыны жымқырған мердігерлер туралы айтты. Атап айтқанда, Ақмола облысы Қоянды кентінде 907 миллион теңгеге күрделі жөндеу және жергілікті жол құрылысын жасамағаны белгілі болды. Келісімшарт бұзып, прокурорлар сотқа дейінгі тергеп-тексеру барысында заңбұзушылықты анықтайды. Солтүстік Қазақстан облысында облыстық жолдарды жөндеуге бөлінген 423 млн теңгені жымқырды деген айыппен Ғ. Мүсірепов атындағы аудан әкімдігі мен жергілікті мердігер мекеменің басшыларын қамауға алып, жауапқа тартты. Жұмысты қабылдау туралы жалған актілер бойынша жолдың жоқтығына қарамастан, қазынадан миллиондаған қаржыны аударған. Сонымен қатар аудан прокурорларының араласуынан кейін Аршалы ауданы әкімдігінің Бөлім басшысы Екатеринбург-Алматы автобанынан Берсуат ауылына дейінгі учаскені күрделі жөндеу бойынша 1,1 млрд теңгеге заңсыз шарт жасасқаны үшін жұмыстан босатылды. Прокурорлар бюджеттің негізсіз шығындарының жолын кесуге ерекше назар аударады. Шығыс Қазақстан облысының Алтай ауданында жөнделген учаскеге 148 миллионнан астам бюджет қаражатын артық жұмсау фактісінің алдын алды. Кінәлілер тәртіптік жазаға тартылды. Тексеру қорытындысы бойынша барлығы 300-ден астам заң бұзушылық анықталды. 30 млрд теңге сомасына бюджет шығынының алдын алды, мемлекет кірісіне 2,5 млрд теңге өтелді. 29 қылмыстық іс қозғалды. 305 адамды тәртіптік және әкімшілік жауапқа тартты.