90 судьяның не үшін қызметтен кеткені белгілі болды
90 судьяның не үшін қызметтен кеткені белгілі болды
Фото: Интернеттен алынды
209
оқылды
Жоғарғы соттың судьясы Абай Рахметулин былтыр түрлі себептермен 29 судья қызметінен босатылғанын айтты, – деп жазады Tengrinews.kz. Оның айтуынша, 2019 жылы жалпы 90 судья қызметінен босатылған. Оның 26-сы өз еркімен, 30-ы отставкаға кетуіне байланысты, 3-еуі зейнет жасына жеткендіктен, 2-еуі қайтыс болған. Ал 29-ы сыбайлас жемқорлыққа қатысты себептермен қызметінен кеткен.
«Парамен ұсталғандар, «істі дұрыс қарамады, заңды өрескел бұзды» деген жағдайлар кіреді. Өткен жылы дұрыс жұмыс істей алмаған 29 судья қызметінен кетті», – деді Абай Рахметулин.
Сонымен қатар, Абай Рахметулин 8 судьяны жұмысынан босату мәселесі Президенттің қарауында жатқанын атап өтті. «Судьяны қызметтен босату үшін арнайы процедуралар жүргізіледі. Ол жүргізілмей, Президент оларға Жарлық шығара алмайды. Сондықтан ең соңғы процедура Жоғарғы сот кеңесі болып саналады. Олар судьялардың жұмысын тексеріп, қызметтен босату туралы шешімді шығарады. 8 судьяға қатысты осындай шешім шығарылды. Ол президентке жіберілді. Бірақ мемлекет басшысының әлі жарлығы шыққан жоқ», – деді ол.