Оралда із-түзсіз жоғалып кеткен 14 жастағы оқушы қыз бесінші күн іздестіріліп жатыр

Оралда із-түзсіз жоғалып кеткен 14 жастағы оқушы қыз бесінші күн іздестіріліп жатыр

Оралда бес күннен бері 14 жастағы оқушы қыз іздестіріліп жатыр. БҚО полиция департаментінің баспасөз қызметінен хабарлағандай, Зарина Нығметова 10 ақпанда сағат 20:00 шамасында үйінен (Тополинская, 1) белгісіз бағытқа шығып кетіп, қайтып оралмаған.

«Қыз №34 орта мектепте оқиды. Бойы 162-165 сантиметр. Жіңішке денелі, шашы қара, беліне дейін жетеді. Үстінде ақшыл күрте, көк шалбар, қара етік болған», – делінген хабарламада.
Оның қолында 8 (747) 445 32 17 нөмірлі Samsung телефоны, қара күрте мен джинсы шалбары салынған пакеті болған. Зарина Нығметованы көргендер немесе оның қайда екенін білетіндер 102 нөміріне хабарласуын сұрайды.