Алматыда 1 апта бұрын жоғалып кеткен екі оқушының жағдайы белгілі болды

Алматыда 1 апта бұрын жоғалып кеткен екі оқушының жағдайы белгілі болды

Алматыда бір апта бұрын жоғалып кеткен екі оқушы табылды, деп хабарлайды Tengrinews.kz. Алматы полициясы 7 ақпанда жоғалып кеткен екі оқушының қайда екенін анықтап, ата-анасына тапсыру үшін полиция бөлімшесіне алып келді.

"Қазір криминалдық полиция бөлімшесі із-түзсіз жоғалғандар тізімінде тұрған екі жасөспірімді тапты. Қазір олар полиция бөліміне жеткізіліп, ата-анасына тапсырылады. Олардың мекенжайы анықталды. Екеуі уақытын компьютерлік клубтарда ойнаумен өткізген", - дейді Бостандық аудандық ішкі істер бөлімінің басшысы Мақсат Қанапяев.