Дәулет Тұрлыханов заңгерлер отбасын соққыға жыққан ұлының әрекетіне пікір білдірді

Дәулет Тұрлыханов заңгерлер отбасын соққыға жыққан ұлының әрекетіне пікір білдірді

Қазақстанға белгілі спорт қайраткері Дәулет Тұрлыханов ұлының заңгерлер отбасын соққыға жығуына қатысты пікір білдірді.

«Ақпанның 11-іне қараған түні Алматыда менің ұлым мен заңгерлердің арасында болған оқиғаға қатысты пікір білдіруді жөн деп таптым. Менің ұлым Нұрасыл кәмелет жасына толған азамат, егер оның кінәсі дәлелденсе оған Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес тиісті шара қолданылады. Сонымен бірге мен ұлымның әрекеті үшін кешірім сұраймын», – деп жазды Дәулет Тұрлыханов Instagram-парақшасында.
Еске салсақ, Алматыда заңгер Анна Дмитриевич күйеуі екеуін танымал спортшының ұлы соққыға жыққанын мәлімдеген болатын. Аталған оқиғаға қатысты қалалық полиция департаменті пікір білдіріп, іс «Бұзақылық» бабы бойынша сотқа дейінгі тергеудің бірыңғай тізіліміне тіркелгенін хабарлады.