Талдықорғанда оқушы қызды соққыға жыққан қыздар енді жігітті ұрып, ақша талап еткен видеосы тарады, – деп хабарлады orda.kz. Еgovpress осыдан бір ай бұрын оқушы қызды жабылып ұрған қыздарға қатысты тағы бір видео жарияланды. Видеодағы қыздардың бірі Құндыз жігітті ұрып-соғып, ақша талап етіп жатқанын анық көруге болады. Әзірге Жетісу облыстық Полиция департаменті видеоға қатысты пікір білдірмеді. Еске салсақ,Талдықорғанда мектеп оқушылары құрбысын ұрып-соғып, оны видеоға түсірген. Бейнежазба әлеуметтік желілерде таралып, қызу талқыға түскен болатын. Полицияның бейнероликтің 9 қаңтар күні Талдықорғандағы пәтерлердің бірінде түсірілгенін анықтаған еді.