Түркиядағы жер сілкінісі: үйінді астынан 10 тәуліктен соң әйел екі баласымен құтқарылды
Түркиядағы жер сілкінісі: үйінді астынан 10 тәуліктен соң әйел екі баласымен құтқарылды
Фото: aa.com.tr
Түркияның Хатай провинциясында жер сілкінісінен 228 сағаттан соң үйінді астынан әйел мен оның 2 баласы құтқарылды, деп хабарлады «Анадолу» агенттігі. Эля есімді әйел мен оның балалары Антакья қаласындағы Оймак көшесінде қираған тұрғын үйдің үйіндісі астында болған. Алғашқы медициналық көмек көрсетілген соң үшеуі де ауруханаға жеткізілді. Бұдан басқа 15 ақпанда тағы бірнеше адам құтқарылды. Кахраманмараш провинциясында 6 қабатты тұрғын үйдің үйінділері астынан 74 жастағы Джемиля Кекеч, 42 жастағы Мелике Имамоглу есімді адамдар құтқарылды. Адыйаман провинциясында 77 жастағы Фатма Гюнгёр есімді әйел де құтқарылды.