Суретшілер де сырт қалмады

Суретшілер де сырт қалмады

Танымал суретші Ерболат Төлепбай «Ұмай ана» картина­сын сатып, 10 млн теңгені Түр­кия­дағы жер сілкінісінен зардап шеккендерге ау­дарды. Бұдан бұрын ол «Қазақ өнері­нің Түркияға көмегі» акциясын бастап, зергер, суретші, әнші, ак­тер, ақын, жазушы сияқты мәдениет және өнердегі әріптес­терін іс-шараға белсенді ат­салысуға шақырған еді. Оның айтуынша, сын шақта жедел аукцион ұйымдастырып, түскен қаражатты Түркияға жол­даған. Аукцион өткізуге Қанат Төлеметов, Рүстем Қараев, Ер­жан Омаров, Виталий Ким, Аза­мат Сырғабаев секілді азаматтар көмектескен. Осылайша, аук­цион­ға қойған «Ұмай ана» картинасын аталған бес жігіт бірігіп, 10 млн теңгеге сатып алған.

 «Бұл – өте сапалы салынған біртуар шығармамның бірі. Атымтай жомарт бес жігіт қосы­лып, аукцион кезінде картинаны 10 миллион теңгеге бағалады. Олар ақылдаса келе шығарманы да Түркия тарапына сыйлық ре­тінде тапсыруға шешім қабыл­дады. Содан Түркияның Алматы­дағы Бас консулдығына барып, 10 миллион теңгені Түркиядағы апаттан зардап шеккен бауыр­лары­мызға көмек ретінде аудар­дық. «Ұмай ана» картинасын да табыстадық», – деді ол.