Азия теннис федерациясы (ATF) мен Tennis Europe 14 және 16 жасқа дейінгі жасөспірімдер арасында жаңартылған рейтингті жариялады. Еуропа рейтингінде 14 жасқа дейінгілер арасында Ярослав Пшеничный 64-орынға жайғасты. Михаил Мищенко – 114, Роберт Каминский 139 сатыда тұр. Ал қыздар арасында Ева Корышева 59-орынға көтерілді. Томирис Нұржан – 173, Еркежан Жаңатаева 183-сатыда келеді. Азия рейтингінде 16 жасқа дейінгілер арасында Кәрім Темірлан бұрынғыша көш бастап тұр. Қыздардан бес отандасымыз ТОП-10-ға кірді. Сафина Сафиулина – 2, Ариана Гогулина – 4, Даная Аманғажиева – 7, Полина Слепцова – 8 және Еркежан Жаңатаева 9-орында тұр.