Кәсіпкерлерді қолдау жалғаса береді
Кәсіпкерлерді қолдау жалғаса береді
307
оқылды
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Ақмола облысына жұмыс сапары­мен болып, өңірдің тыныс-тірші­лігімен танысты. Президент Ақмола облысына жұмыс сапарын азаматтық қорғау саласы бо­йынша кадрлар дайындайтын еліміздегі жалғыз жоғары оқу орны – Азаматтық қорғау академиясының жұмысымен та­нысып, офицерлермен және курсант­тармен кездесуден бастады. Қ.Тоқаев халқымыздың амандығын және қауіп­сіздігін сақтау басты міндет әрі қастерлі парыз екенін айтып, акаде­мияның рө­ліне тоқталды.
– Соңғы кезде жер жүзінде төтенше оқиғалар жиілеп барады. Жұртымыз мұндай қауіп-қатерге әрдайым дайын болуы керек. Сондықтан осы салада қызмет етіп жүрген мамандардың еңбегі еліміз үшін өте маңызды. Академия – еліміздегі кәсіби құтқарушыларды даяр­лайтын бірден-бір оқу орны. Оны ширек ғасыр ішінде 6 мыңға жуық маман бітіріп шықты, – деді Мемлекет басшысы.
Жақында Түркиядағы жойқын жер сілкінісінен кейін Президенттің тапсыр­масымен бауырлас елге құтқарушылар мен дәрігерлер жіберілді. Мемлекет басшысы Түркияда күндіз-түні жұмыс істеп жатқан азаматтарымызға алғыс айтып, елге аман-есен оралған соң оларды марапаттайтынын жеткізді. Құтқарушының жұмысы қиын әрі қатерлі екенін айтқан Мемлекет бас­шысы еңбектің бұл түрін нағыз ержүрек азаматтардың кәсібі деп бағалады.
– Төтенше жағдай мамандары жұмыс барысында талай рет ерлік көрсетті. Басқа адамдардың өміріне араша түсіп, қаза тапқан құтқарушылар аз емес. Олар­дың қатарында осы академияның түлегі Асқар Забикулин де бар. «Ер есімі – ел есінде». Батырлардың ерлігі ешқашан ұмытылмауға тиіс, – деді Президент.
Қасым-Жомарт Тоқаев азамат­тық қорғаныс жүйесі тұрақты жаңғыртуды қажет ететінін, озық әлемдік тәжірибені қабылдап, заманауи технологияларды енгізу өте маңызды екенін айтты. Пре­зиденттің пікірінше, құтқару­шыларды сапалы дайындауға ерекше назар аудару керек. Мем­лекет басшысы бұл мәселеде ко­мандирлер мен ұстаздар басты рөл атқаратынын атап өтіп, өзінің тапсырмасымен Үкімет академия­ның материалдық-техникалық базасын нығайтуға күш салып жатқанына және жатақхана мен оқу корпусын салу жоспарланып отырғанына тоқталды. Мемлекет тарапынан құтқарушылардың еңбекақысын көтеріп, әлеуметтік қамтамасыз етуді жақсарту үшін жүйелі шаралар қолға алынып жатыр. спорт Сондай-ақ Қасым-Жомарт Тоқаев Ақмола облысына сапары барысында Көкшетау қаласындағы «Қазақстан агроинновациялық корпорациясы» ЖШС-ның жұмы­сымен танысты. Президентке жылына 3 мыңға жуық ауыл шаруа­шылығы техникасын шығаратын корпорацияның технологиялық процесі және өнім үлгілері көрсетілді. Ауыл шаруашылығы техникаларын құрастыру цехтарын аралап көргеннен кейін Мемлекет басшысына кәсіпорынның негізгі көрсеткіштері мен даму перспек­тивасы жөнінде мәлімет берілді. Бұл жерде тракторлар, комбайндар, экскаваторлар, шөп шабатын және жинайтын машиналар, тырмалар, тіркемелер, жүк тиегіштер, соқалар және тағы басқа ауыл шаруа­шылығы техникалары шығарыла­ды. Кейінгі үш жылда 121 миллиард теңгеге 6 500-ден астам өнім түрлерін шығарған. Қазір корпорацияда 300-ге жуық адам жұмыс істейді. Қасым-Жомарт Тоқаев кәсіпорын жұмысшы­ларымен әңгімелесу барысында олардың отандық машина жасау өндірісін дамытуға қосып жатқан үлесіне ризашылығын білдіріп, жұмыстарына табыс тіледі. Бұдан кейін Мемлекет басшы­сы Көкшетау қаласында былтыр мамыр айында ашылған Viamedis Kokshetau клиникалық оңалту орталығына барды. Бұл – инсульт­тан кейін оңалту шаралары жүргі­зіле­тін еліміздегі алғашқы орталық. Оның жанынан мемлекет пен жекеменшік серіктестігі аясында 250 пациентке арналған емхана салынған. Стационарлық оңалту бөлімінде 100-ден астам, күндізгі стационарда 46 төсек-орын қарас­тырылған. Емханада 20 мың адам тіркелген. Денсаулық сақтау меке­месінде 235 медицина қызметкері жұмыс істейді. Қасым-Жомарт Тоқаевқа Ақмола облысындағы денсаулық сақтау саласының қазіргі ахуалы туралы баяндалды. Өңірде 560 медициналық нысан жұмыс істеп тұр. Онда жалпы 7 800-ге жуық медицина қызметкері еңбек етеді. Дәрігерлердің тапшылығы соңғы үш жылда екі есе азайған. Облыс 1,4 миллиард теңгеге 80-ге жуық медициналық техника сатып алды. кездесу Президентке осы медициналық орталық орналасқан Көкшетау қаласының Сарыарқа шағын- ауданы­ның құрылысы таныс­тырылды. Сонымен қатар Қасым-Жомарт Тоқаев Ақмола облысына жұмыс сапары аясында Степногорск қала­сын­дағы «Қазақстанның жылыжай технологиялары» ЖШС-на барды. Президентке жылыжай өнімдері – қияр, қызанақ, бұрыш және бас­қа да көкөністер мен гүл өсірудің заманауи технологиялары таныс­тырылды. Жылыжай кешенінің жалпы ауданы – 5 гектар. Жобаға салынған инвестицияның жалпы көлемі 4,8 миллиард теңгені құрайды. 2023 жылы баялды және құлпынай өсіру бөлімшелерін іске қосу жоспарланып отыр. Компа­ния­ның өнімдері толығымен Қа­зақ­станның ішкі нарығында саты­ла­ды. Өңір – ауыл шаруашылығы саласындағы көшбасшылардың бірі. Мұнда ел бойынша дәнді дақылдардың төрттен бірі өсіріледі және үлкен көлемде көкөністер мен құс еті өндіріледі. Президент өндірілетін өнімнің сапасын бағалап, оның сұранысқа ие екенін атап өтті. Сондай-ақ компанияның экспорттық мүмкін­діктеріне назар аударды. Мемлекет басшысы Ақмола облысының ауыл шаруашылығы тауарын өндіруші­лерімен әңгімелесті. Кездесу барысында түйткілді мәселелер көтеріліп, отандық агроөнеркәсіп кешенін дамытуға қатысты кон­струк­тивті ұсыныстар айтылды. Президент жағдайды жіті қада­ғалай­тынын, бизнес ахуалы туралы жедел ақпарат алатынын атап өтті. Сондай-ақ мемлекет отандық кәсіпкерлерді қолдауды жалғас­тыратынын және ынтымақтас­тықтың жаңа формалары әзір­ленетінін мәлімдеді. Сондай-ақ Президентке «Степ­ногорск жылу электр орталығы» ЖШС-ның техникалық жай-күйі және Ақмола облысындағы жылы­ту маусымының барысы жөнінде мәлімет берілді. Жылу-энергетика нысанының бірінші кезеңі 1966 жылы пайдалануға берілген, ал жаңа өндірістік қуатын іске қосу 1989 жылға дейін жалғасқан. Облыс әкімі Ермек Маржықпаевтың айтуынша, өңір бойынша Степногорскіде бір ЖЭО бар және 663 қазандық жұмыс істейді. Қазандық жабдықтарының орташа тозу деңгейі 50 пайызға жеткен. 9 жылу көзінің пайдаланылып келе жатқанына 50 жылдан асқан, ал 637 қазандықтың іске қосылғанына 25 жылға жуықтаған. Степногорск қаласындағы жылу желілерінің 82 пайызы тозған. Ақмола облы­сын­да жылыту маусымы аяқталған­нан кейін барлық жылу желісіне және қазандық жабдықтарына техника­лық тексеру жүргізіледі. Облыс әкімінің баяндамасын тыңдаған Президент Премьер-Министрдің бірінші орынбасары Роман Скляр­ға әкімдікпен бірге Степногорск қаласын жылумен қамту мәселесін шешу жолдарын ег­жей-тегжейлі пысықтауды тап­сырды. Сондай-ақ Президент Ақмола облысына жұмыс сапары барысын­да Степногорск қаласындағы 6-шағын- ауданның ауласын ара­лады. Қасым-Жомарт Тоқаев үй маңын­дағы аумақта жасалған жағдаймен танысып, жергілікті тұрғындармен әңгімелесті. Бұдан кейін Президент пестицидтер мен агрохимия өнімдерін өндіретін «Астана-Нан Chemicals» зауыты­ның жұмысымен танысты. Компа­ния­ның құрылтайшысы Иван Сауэр Мемлекет басшысына өсім­діктерді зиянкестерден қорғайтын заттар, пестицидтер, калий тұзы және құрамында глифосаты бар препараттар шығаратын өндіріс желісі мен заманауи құрал-жаб­дықтарды көрсетті. Тоқаев Сондай-ақ Президент Ақмола облысына жұмыс сапары аясында Степногорскідегі балалар мен жас­өспірімдер спорт мектебін аралап көрді. Онда бокс, еркін күрес, ауыр атлетика, дзюдо, көркем гимнас­тика, футбол, шаңғы жарысы және самбо секциялары бойынша 1 140 бала спортпен шұғылданады. Қасым-Жомарт Тоқаев мектепті аралап көргеннен кейін өңірдің белгілі спортшыларымен және жаттықтырушыларымен кездесті. Президент қазақстандық спорт­шы­лардың өнерін әрдайым тамаша­лайтынын және қолдай­тынын атап өтті. Сондай-ақ ірі жарыстардағы жоғары жетістіктері үшін спортшы­ларға алғыс айтып, еліміздің шетелдегі имиджін арт­тыруға қосқан олардың үлесіне тоқталды. Шара соңында Мемлекет бас­шысы Лейк-Плэсидте (АҚШ) өт­кен Дүниежүзілік қысқы универ­сиада чемпионы биатлонист Бе­кен­тай Тұрлыбековке алғысхатын табыс етті.