Оралда 5 күн бұрын жоғалып кеткен 14 жастағы оқушы қыз табылды

Оралда 5 күн бұрын жоғалып кеткен 14 жастағы оқушы қыз табылды

Орал қаласында жоғалып кеткен оқушы қыз бес күннен кейін аман-есен табылды. 14 жастағы жасөспірім 10 ақпан күні шамамен сағат 22.00-де үйінен шығып кеткеннен кейін оралмаған еді. Зарина Нығметова қаладағы №34 орта мектепте оқиды. БҚО Полиция департаменті  баспасөз қызметінің хабарлауынша, іздестіру іс-шаралары барысында қыз 15 ақпан күні сағат 18.00-де табылды. «Ол Зачаган кенті “Сарытау” шағынауданындағы достарының үйінде болған. Аман-сау», — деп хабарлады ведомство.