Түркиядағы жер сілкінісі қолдан жасалған деген ақпарат тарады
Түркиядағы жер сілкінісі қолдан жасалған деген ақпарат тарады
© REUTERS / TUNCAY DERSINLIOGLU
41,303
оқылды
WhatsApp-та Түркиядағы жойқын жер сілкінісі қолдан жасалғанын дәлелдейді делінген видео тарады. Бұл туралы сюжет түрік телеарналарының бірінде көрсетілді. Бұл – шындыққа жанаспайды, — деп хабарлайды Stopfake.kz.   «Іс жүзінде таралған видео 2022 жылдың қараша айында Түркияның бірқатар ауданда  6.1 балды жер сілкінісі болған кезде түсірілген роликтерден тұрады. Қазір таратылып жатқан видео үзінділері елдің екі түрлі бөлігінде түсірілген. Ауласы жарықтандырылған үйдің видеосы Дюздже қаласында түсірілген. Екіншісі, көп машиналар көрсетілген ақ-қара түсті видео Биледжиктегі Оклуджа ауылында түсірілген», — деп жазады Stopfake. Екінші видеода көкжиекте жарық жарқылдайды. Анықталғандай, бұл жер сілкінісінің қолдан жасалғанының дәлелі емес. «Ерекше құбылысқа нақты түсіндірме жоқ болғанымен, ол қастандық теориясының дәлелі бола алмайды. Біріншіден, жарық жарқылдай бастаған кезде жерасты дүмпулері болып жатқан еді. Демек, керісінше, жыпылықтаған жарық жер сілкінісінен немесе оның салдарынан туындаған. Екіншіден, әлемде күшті жер сілкінісін қолдан жасайтын технология жоқ.