Екібастұзда су басқан пәтерден екі адамның мәйіті табылды  
Екібастұзда су басқан пәтерден екі адамның мәйіті табылды  
Фото: Polisia.kz
Екібастұзда оқыс оқиға болды. Polisia.kz-тің дерегінше, 13 ақпан күні Екібастұз қаласының тұрғынынан Бұқар жырау көшесіндегі үйде құбыр жарылып, су басқаны туралы хабарлама түскен. Шақыртуға барған мамандар жеке тұрғын үйден 1959 жылы туған ер адам мен 1965 жылы туған әйелдің мәйітін тапты. Зорлық-зомбылық белгілері жоқ екенін анықтады. Тексеру кезінде қонақ бөлмесінде еденде ашық сымы бар электр жылытқышы бар екені белгілі болды. Бұл факті Екібастұз қаласының ПБ-да тіркелді. Оқиғаның мән-жайын мамандар анықтап жатыр. Айта кетейік, Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев 6 ақпанда Премьер-Министрдің бірінші орынбасары Роман Скляр мен Павлодар облысының әкімі Асайын Байхановқа Екібастұзда жылу мәселесін шешуді тағы да тапсырған еді.