Қазақстандықтар наурыз айында қанша күн демалады
Қазақстандықтар наурыз айында қанша күн демалады
© сурет интернеттен алынды
364
оқылды
Қазақстан халқы 2020 жылы наурыз айында 13 күн демалады, - деп хабарлайды Sputnik Қазақстан. Қазақстанда наурызда екі ресми мереке аталып өтеді.  Биыл 8 наурыз – Халықаралық әйелдер күні жексенбіге түсіп тұрғандықтан, 9 наурыз – дүйсенбі демалыс болады. Осылайша 3 күн қатарынан демалыс беріледі. 21-23 наурызда елімізде үш күн Наурыз мейрамы тойланады. Бұл мерекенің екі күні – 21 және 22 наурыз демалыс күндеріне түсетіндіктен, аптасына бес күн жұмыс істейтіндер 5 күн қатарынан (21-25 наурызда – Sputnik) демалу мүмкіндігіне ие болады. Сонымен, 1, 14, 15, 28 және 29 наурыздағы барлық демалыс күндерін қоса алғанда қазақстандықтар көктемнің алғашқы айында 13 күн демалады.