Маңғыстау облысында өткен жылдың қыркүйегінде жоғалып кеткен 3 баланың анасы табылды

Маңғыстау облысында өткен жылдың қыркүйегінде жоғалып кеткен 3 баланың анасы табылды

2022 жылғы қыркүйекте із-түзсіз жоғалған Маңғыстау облысының тұрғыны Жания Абдуллаева тірі табылды. Бұл туралы сәрсенбіде LIDER.KZ  еріктілері Instagram-дағы парақшасында хабарлады. 2022 жылғы 29 қыркүйекте 3 баланың анасы Бейнеу ауданы Бейнеу ауылында ауруханаға жұмысқа кетіп, қайтып оралмаған.  Жас келіншектің жоғалған күні Бейнеу-Маңғыстау пойызына билет сатып алғаны белгілі болды. Әйелдің туыстары Жанияны іздеу үшін көпшіліктен және құқық қорғау органдарынан көмек сұрады. Алайда көп уақыт іздеу нәтиже бермеді. Еріктілер әйелдің қалай табылғанын айтпаған.