ҰКК төрағасының орынбасары Челахтың мәлімдемесіне қатысты пікір білдірді
ҰКК төрағасының орынбасары Челахтың мәлімдемесіне қатысты пікір білдірді
© azattyq.org
619
оқылды
ҰҚК төрағасының орынбасары – Шекара қызметінің директоры Ерлан Алдажұманов өмір бойына сотталған Владислав Челахтың мәлімдемесіне қатысты пікір білдірді.
Меніңше, (Челахтың мәлімдемесіне – авт.) қатысты пікір білдіру артық болады. Оқиға болған жылы қылмыстық іс тергелді. Оқиғаның мән-жайы толық анықталды деп ойлаймын. Мен оның (Президентке – автор) не айтқанын білмеймін. Қылмыстық іс толық тергелді. Егер мәлімдеме жасалса, оның мазмұнына қарайық. Қазір мен оның не айтатынын білмеймін,– деді Ерлан Алдажұманов Сенаттың жалпы отырысынан соң.
Сондай-ақ ол ҰҚК Шекара қызметі соттың Владислав Челахқа шығарған үкімімен келісетінін атап өтті. Бұған дейін Бас прокуратура Halyq Uni тілшісіне берген жауабында өмір бойына сотталған Владислав Челахқа қатысты қылмыстық істің материалдарын соттан алдырғанын хабарлады. «Бас прокуратура Қылмыстық-процестік кодекстің 486-бабына («Заңды күшіне енген сот актілеріне өтінішхат беруге, наразылық келтіруге құқығы бар адамдар») сәйкес соттан қылмыстық істі сұратты. Оның материалдары зерделеніп жатыр», – делінген жауапта. Бас прокуратураның хабарлауынша, сотталған Владислав Челахтың уәждері «Прокуратура туралы» конституциялық заңның жəне Қылмыстық-процестік кодекстің талаптары негізінде тексеріледі. Айта кетейік, Владислав Челах 2012 жылы 15 адамды өлтірді деп танылып, өмір бойына бас бостандығынан айырылған.