Көкшетауда жанармай құю стансасы өртеніп, ер адам қаза тапты
Көкшетауда жанармай құю стансасы өртеніп, ер адам қаза тапты
794
оқылды
Көкшетауда жанармай тасымалдайтын екі бірдей автоцистерна өртеніп, өрттің салдарынан 35 жастағы жанармай құю бекетінің операторы қаза тапты, – деп хабарлайды Aikyn.kz порталының тілшісі. Суыт оқиға қаланың сыртындағы Солтүстік өнеркәсіп аймағындағы  Qazaqoil  аумағында болған. Қатты жалындаған өрт 35 метр аумақты шарпыған. – Өрт сағат 11.05-те оқшауланып, арада 20 минут ішінде толықтай сөндірілді. Жалпы,  өрт 35 шаршы метр аумақты шарпығаны анықталды. Өрттің салдарынан 1988 жылы туған жанармай құю стансасының операторы қаза тапты. Қазір өрттің шығу себептері анықталып жатыр, – дейді Ақмола облысы Төтенше жағдайлар департаметінің баспасөз қызметі. Ақмола облысының Төтенше жағдайлар департаменті өрт қауіпсіздігі ережелерін қатаң сақтау қажеттігін ескертті.