"Орлан 2000" әуе компаниясының "АН-2" ұшағы Өскемен әуежайынан 1,5 шақырым жерде шұғыл қонды. Ұшақ бортында 5 адам болған, ешкім зардап шеккен жоқ, - деп хабарлайды Sputnik Қазақстан. Қазақстанның авиациялық әкімшілігінің баспасөз қызметінің мәліметінше, әуе кемесі Өскемен – Ақсуат бағыты бойынша санитарлық тапсырманы орындау үшін көкке көтерілген.