Қостанайда колледжге пышақ алып кірмек болған студент ұсталды
Қостанайда колледжге пышақ алып кірмек болған студент ұсталды
© Қостанай облысы ПД
Қостанай қаласындағы Жоғары политехникалық колледждің күзетшісі металл іздейтін құралдың көмегімен қалтасына пышақ салып алған студентті ұстады, –  деп хабарлайды Polisia.kz. Оқиға орнына жеткен жедел-тергеу тобы пышақты тәркілеп, 18 жастағы студентті Полиция басқармасына апарған.
"Анықталғанындай, студент басқа колледжде оқиды, бұл оқу орнына іс-шараға келген. Ол ата-анасына үй шаруашылығында көмектескенін айтып, содан кейін пышақтың сырт киімінде қалғанын, заттың салмағы аз болғандықтан, ол туралы ұмытып кеткенін түсіндірді",– деп жазады дереккөз.
Сараптама студенттен табылған пышақ суық қаруға жатпайды деген қорытынды шығарған. Дегенмен  студенттің ата-анасына оқиға туралы баяндалған.