"Үйінде 5, 4 және 3 жастағы үш баласын қалдырып кеткен": 5 айдан кейін табылған маңғыстаулық әйелге қатысты тың дерек шықты
"Үйінде 5, 4 және 3 жастағы үш баласын қалдырып кеткен": 5 айдан кейін табылған маңғыстаулық әйелге қатысты тың дерек шықты
Фото: inaktau.kz
32,571
оқылды
Маңғыстау облысы Бейнеу ауданында өткен жылдың қыркүйегінде жоғалып кеткен келіншек аман-есен табылғаны хабарланды. Былтыр 29 қыркүйекте шығып кетіп, содан бері үйіне оралмаған 28 жастағы Жәния Абдулаеваның табылғаны туралы LIDER.KZ ұйымының еріктілері хабарлады. Дегенмен келіншектің қайдан және қандай жағдайда табылғаны, осы уақыт ішінде қайда болғаны туралы мәліметтер айтылмаған. Алайда Newtimes.kz порталының жазуынша, облыстық Полиция департаменті әйелдің Ақтаудағы кафелердің бірінде даяшы және аспаз болып жұмыс істеп жүрген жерінен табылғанын хабарлаған. Еске салсақ, үш баланың анасы жоғалатын күні әріптесінің орнына жұмысқа баратынын айтқан. Ол сол кезде ауруханада медбике болып жұмыс істеп жүрген. Алайда келіншек медициналық мекемеге жетпей, Бейнеуден Ақтауға билет сатып алған. Оның билет сатып алған сәті вокзалдағы бейнебақылау камераларына түсіп қалған. Әйел телефонын өшіріп тастаған. Өзі үйінде 5, 4 және 3 жастағы үш баласын қалдырып кеткен.