Elbasy сайтының домендік атауы өзгерді

Elbasy сайтының домендік атауы өзгерді

Нұрсұлтан Назарбаевтың ресми сайты домендік атауын өзгертті. Бұған дейін Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың ресми сайты elbasy.kz деп аталып келді. Бүгін, яғни 16 ақпанда таңертең порталдың домендік атауы nazarbayev.kz болып өзгертілді. Дегенмен Елбасы сілтемесі әлі де жұмыс істеп тұр және жаңа мекенжайға сілтеме жасайды.