Мәскеуде Жириновскийдің ұлы қамауға алынды

Мәскеуде Жириновскийдің ұлы қамауға алынды

Сот Владимир Жириновскийдің ұлы Олег Эйдельштейнді 15 күнге қамауға алды, — деп хабарлайды Риа Новости.

Олег Эйдельштейн Мәскеу мейрамханаларының бірінде төбелескені үшін полиция бөліміне жеткізілді. Ол полицейлерді қорлап, содан кейін біреуін ұрды.
"Оған 15 тәулік мерзімге әкімшілік қамауға алу жазасы тағайындалды", – деп хабарлады соттан.
Бұл Эйдельштейннің бірінші төбелесі емес. 2021 жылдың сәуірінде Солтүстік Осетияның бұрынғы басшысының ұлы Зелимхан Битаров Внуково әуежайында Олег Эйдельштейнмен төбелесті. Айта кетейік, Владимир Жириновский 2022 жылдың 6 сәуірінде ауыр және ұзаққа созылған аурудан кейін көз жұмды.