«Бір аулада пәтер жалдап тұрған» – үй иесінің ұлын пышақтаған ер адам сотталды

«Бір аулада пәтер жалдап тұрған» – үй иесінің ұлын пышақтаған ер адам сотталды

Шымкентте үй иесінің ұлын пышақтаған ер адамға қатысты үкім шықты. Бұл туралы Aikyn.kz Оtyrar.kz-ке сілтеме жасап хабарлайды. Үй иесі ауладағы шағын үйін жалға берген. Ортақ аулада тұратын 52 жастағы пәтер жалдаушы үй иесінің ұлына түнде өзін белгілі мекенжайға апаруын өтініпті. Жолда 52 жастағы ер адам жүргізушінің анасы оған қарыз екенін айтып, ақшаны қайтаруды талап еткен. Жігіттің қарсы жауабын естіген ол қалтасынан пышағын шығарып, жәбірленушінің кеуде тұсынан ұрып, оқиға орнынан бой тасалаған. Ауыр жарақат алған жігіт ауруханаға түсті. Полицейлер Қылмыстық кодекстің 106-бабымен («Денсаулыққа қасақана ауыр зиян келтіру») істі тіркеді. Тәртіп сақшылары күдіктіні қалада ұстады. Іс сотқа жолданып, сот үкімімен айыпталушы қылмыс жасағаны үшін кінәлі деп танылып, 3 жылға бас бостандығынан айырылды.