Баскиіміне есірткі жасырып шекарадан өтпек болған шетелдік ұсталды – видео
Баскиіміне есірткі жасырып шекарадан өтпек болған шетелдік ұсталды – видео
Фото: Polisia.kz
848
оқылды
Түркістан облысында баскиіміне есірткі жасырып, шекарадан өтпек болған шетел азаматы ұсталды, – деп хабарлайды Aikyn.kz. Polisia.kz-тің дерегінше, Сарыағаш аудандық полиция бөліміне есірткі контрабандасы бойынша ҰҚК шекара қызметінен хабарлама түскен. «Жібек жолы» өткізу пунктінде шекарашылар қызметтік иттің көмегімен тыйым салынған затты тасымалдамақ болған күдіктіні анықтады.   https://youtu.be/7o5dRdra8CM Өзбекстаннан Қазақстанға өтіп бара жатқан орта жастағы ер адамның баскиіміне Пират атты қызметтік ит белгі береді. Шекарашылар бірден жедел тергеу тобын шақырған. Күдікті өзбек азаматын тінтіп, баскиімінен жылтыр қағазға оралған күмәнді 6 дана есірткі затына ұқсас дәрі табылды. Тәркіленген затты бірден сараптамаға жөнелтті. Сараптама қорытындысы бойынша таблеткалар 2 грамға жуық 3,4 метилендиоксиметамфетамин (МДМА) екені анықталды. Факті ҚК-тің 286-бабы бойынша тіркелді. Сотқа дейінгі тергеу жүргізіліп жатыр. Күдікті қамауға алынды.