Доллар бағамы 0,20 теңгеге қымбаттады
Доллар бағамы 0,20 теңгеге қымбаттады
Фото: yandex.kz
442
оқылды
Қазақстан қор биржасындағы (KASE) сауда-саттық қорытындысы бойынша, 1 доллардың теңгеге шаққандағы бағамы өсті. KASE қор нарығындағы күндізгі сауда қорытындысы бойынша, доллар бағамы 0,20 теңгеге қымбаттады. Бір АҚШ долларының орташа бағамы – 444,23 теңге. Ұлттық банктің 17 ақпандағы ресми бағамы – 1 долларға 444,09 теңге. Ресей рублінің орташа сараланған құны – 5,95 теңге. Kurs.kz мәліметінше, қазіргі уақытта Алматының ақша айырбастау пунктілерінде доллардың сату бағамы – 446 теңге, сатып алу – 450 теңге. Ал Астана қаласы бойынша сату бағамы – 446,5 теңгеден болса, сатып алу құны – 449 теңге. Ресей рублі 5,85 – 6, 15 теңге аралығында саудаланып жатыр.