Бердібек Сапарбаев «Еңбек ардагері» медаліне ие болды
Бердібек Сапарбаев «Еңбек ардагері» медаліне ие болды
Қазақстанның белгілі мемлекет және саяси қайраткері Бердібек Сапарбаев ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің (бұдан әрі – ЕХӘҚМ) қызметкерлерімен кездесу өткізіп, мемлекеттік қызметтегі өз тәжірибесі туралы айтып берді. Бұл туралы министрліктің баспасөз қызметі хабарлайды. Әр жылдары Бердібек Сапарбаев түрлі мемлекеттік және саяси лауазымдарды атқарды, оның ішінде республиканың 5 өңірін басқарды, екі рет ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі және ҚР Премьер-министрінің орынбасары болды. Кездесу барысында Бердібек Сапарбаев ЕХӘҚМ жас қызметкерлеріне мемлекеттік қызметтегі жұмыс тәжірибесін баяндап, олардың сұрақтарына жауап берді. Кездесу барысында ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Тамара Дүйсенова Бердібек Сапарбаевқа «Еңбек ардагері» медалін табыс етті.