Fly Arystan кәмелетке толмаған жолаушыларға билетті жеңілдіксіз сатқаны үшін жауапкершілікке тартылуы мүмкін

Fly Arystan кәмелетке толмаған жолаушыларға билетті жеңілдіксіз сатқаны үшін жауапкершілікке тартылуы мүмкін

Алматы қаласының Авиациялық көлік прокуратурасы жолаушылар құқығын сақтау мәселесі бойынша «Fly Arystan» АҚ авиакомпаниясының қызметіне тексеру жүргізді. Тексеру көрсеткендей, авиакомпания халықаралық рейстерге билеттерді сату кезінде 2 жастан 12 жасқа дейінгі кәмелетке толмаған жолаушыларға арнайы 50% жеңілдікті қолданбаған. Мысалы, 2022 жылдың қаңтарынан қазанына дейін халықаралық бағыттар бойынша стандартты тариф бойынша 3 мыңнан астам кәмелетке толмаған бала тасымалданған.

«Прокуратураның ұсынуы негізінде Азаматтық авиация комитеті авиакомпанияға қатысты Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Кодекстің 571-бабының 1-бөлігі бойынша әкімшілік хаттама толтырды. Жиналған материалдар Алматы қаласының әкімшілік құқық бұзушылықтар жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотымен қаралып, жолаушыларды тасымалдау ережелерін бұзғаны үшін авиакомпанияны әкімшілік жауапкершілікке тарту туралы қаулы қабылданды», - деп көрсетті Бас көлік прокуратурасы