Ынтымақтастық нығая бермек
Ынтымақтастық нығая бермек
Сенат Спикері Мәулен Әшімбаевтың төрағалығымен Па­лата отырысы өтті. Онда сенаторлар күн тәртібіне шығарылған заңдарды қарады және депутаттық сауалдарын жолдады. Отырыс барысында Сенат де­путаттары «Үшінші елдермен өза­ра саудадағы техникалық кедер­гілерді жою тәртібі және шарттары туралы келісімді ра­тификациялау туралы» заңды қарап, мақұлдады. Келісім өнім­нің ЕАЭО-да және үшінші елдің аумағында белгіленген талап­тарға сәйкестігін бағалау нә­тижелерін өзара тану мәселесін қарастырады. Бұл ретте, құжат­тың нормаларына сәйкес мүше мем­лекеттерде және үшінші елде қол­данылатын сәйкес­тікті ба­ғалау жө­ніндегі органдарды аккредиттеу рәсімдерінің ба­ламалы болуы қам­тамасыз еті­луге тиіс. Сондай-ақ сенаторлар «Қа­зақ­стан Республикасының Үкі­меті мен Қырғыз Республика­сының Үкіметі арасындағы ше­каралық өкіл­дердің қызмет учаскелері ту­ралы хаттаманы (кар­та 1:200 000) ратифика­циялау туралы» заңды қарап, мақұлдады. Бұл хаттаманы ра­ти­фикациялау екі ел арасында тату көршілік қаты­настарды қол­дауға, өзара тиімді эконо­микалық және өзге де ынты­мақтастықты дамытуға, адам құ­қықтары мен бос­тандық­тарын қамтамасыз етуге, әрбір қатысушы мемлекеттің мүдде­лерін қорғауға бағытталған ке­лі­сілген шекара саясатын жүр­гізуге мүмкіндік береді.
«Тәуелсіздік алғалы бері көр­шілес әрі бауырлас екі ел ара­сында тығыз достық қа­рымқа­тынас орна­ды. Ынты­мақ­тас­тықты одан әрі нығайту Қазақ­стан мен Қырғызстан үшін ай­рықша мәнге ие. Бұл ретте бүгін мақұлданған заңның маңызы зор. Осы орайда бұл хаттама – біздің мемлекеттеріміз арасын­дағы серіктестікті да­мыту жо­лындағы маңызды қа­дамдардың бірі», – деді Мәулен Әшімбаев.
Сонымен қатар Палата оты­ры­сында сенаторлар өздерінің депу­таттық сауалдарын жолдады.