Жартылай финалға өтпеді
Жартылай финалға өтпеді
Теннисшілер Голубев пен Не­­­довесов АТР жарыстары­ның жар­тылай финалына шы­ға ал­мады. Андрей Голубев пен Александр Недовесов жұптық сында Буэнос-Айрес (Аргентина) АТР 250 тур­ни­рінің ширек финалында аргенти­на­лықтар Максимо Гонсалес – Анд­реас Мольтенимен кездесті. Тар­тысты бәсекеде корт иелері 6:3, 6:7 (7:9), 10:8 есебімен басым түсті. Өткен аптада Кордобада (Ар­гентина) өткен додада да Андрей мен Александр осы жұпқа есе жі­бер­ген еді. Тағы бір отандасымыз Алек­сандр Бублик пен швейцариялық Стэн Вавринка Роттердам (Ни­дер­ланд) ATP 500 турнирінің ширек финалында бельгиялық Сандер Жилле – Йоран Флигенге ұтылды (4:6, 4:6).