Кәсіпкерлердің көмегі
Кәсіпкерлердің көмегі
Отандық кәсіпкерлер «Кү­шіміз бір­лікте» қорына 72,7 млн теңге жинап, зілзаладан зардап шеккендерге көмек ре­тінде Түркия елшілігінің есеп­шотына аударды. Сондай-ақ, бизнесмендер табиғи апаттан зардап шеккен өңірлерге 130 атаулы меди­ци­на­лық жабдық, соның ішінде 60 механикалық то­нометр, 40 балдақ, 50-ден астам шатыр мен пеші бар киіз үй, жылу зеңбіректері мен электр генера­торлары, киім-кешек, 50-ден астам төсек жабды­ғы, азық-түлік және тұрмыстық заттар жіберді. «Атамекен» ҰКП басқарма төра­ғасының бірінші орынбасары Мақсат Қиқымовтың айтуынша, барлық өңір­лік палатаның жанынан гуманитар­лық көмек жинау бойынша штабтар құрылған.
«Түркия елшілігімен үнемі байла­ныстамыз. Күнделікті өңірлік палата­ларға елшіліктің қажеттілігі туралы ақпарат негізінде ең өзекті тауар атау­ларының тізімі жіберіледі. Көмек қа­жетті және уақтылы жеткізілуі үшін елшілік тізіміндегі өнімдер бизнес-қоғамдастықпен пысықталып жа­тыр», – деді ол.
Өңірлік палата қызметкерлері қазақ­стан­дықтар жинаған көмекті Түркияға жөнелту ке­з­інде ерікті болып жұмыс істеді. Қазіргі жағдай бо­йынша генераторлар, шатырлар, көрпелер және төсек қаптарына деген қажеттілік жоғары. Өңірлерде жи­налған гуманитарлық көмек тұ­тастай Түркияның ресми өкілдіктері бар қа­ла­ларға: Астана, Алматы және Ақтауға жіберіліп жатыр. Сондай-ақ, зардап шеккендерге қолдау көрсету үшін жи­налған өнімнің бір бөлігін көлік­тік-логистикалық қауымдастықтар мен кәсіп­орындардың еріктілері гумани­тарлық көмек ретінде жөнелтті.