«Мұнар күн» мойындатты
«Мұнар күн» мойындатты
399
оқылды
Атыраулық дизайнер На­зерке Ищанова Лондондағы ха­лықаралық байқауда бірін­ші орын алды. Баспа дизайнері Назерке Ища­нова компьютерлік графиканың Digital Art стилінде электронды қа­ламмен картина салып жүр. Жақын­да «Мұнар күн» картинасы Лондон қа­ласында өткен «Алтын таланттар уақыты» халықаралық байқауында бірін­ші орынға ие болды. Онлайн фор­маттағы байқауға әлемнің 39 елі­нен 200-ге жуық үміткер қатыс­қан. Ол 1836-1838 жылдары ұлт азат­тық көтерілісінің көсемі Исатай Тай­манұлының туғанына 230 жыл толуына орай дайындалған «Асқақ рух» кітабының беттеуші-дизайнері бол­ған. Сол кезде тарихшы ғалымдар мен өлкетанушылардың зерттеу ең­бектерімен танысып, Исатай туралы жырларды қызыға оқыған. Осылай­ша, батыр бейнесін жасауға құлшына кіріскен.
«Халықаралық байқаудың жар­намасын әлеуметтік желіден көрдім. Былтыр қарашада бірнеше кар­ти­наның арасынан біреуін таңдап, ба­ғымды сынап көру үшін жібердім. Бұл байқау 2007 жылдан бері тұрақты ұйымдастырылады», – дейді Назер­ке Ищанова.