Полицейлер "ауырып тұр" деп болжаған жүргізуші мас болған

Полицейлер "ауырып тұр" деп болжаған жүргізуші мас болған

Жамбылдық полицейлер мас күйінде көлік басқарған жүргізушіні ұстады. 2023 жылғы 16 ақпанда сағат 00.02-де Жамбыл облысындағы Қаратау қаласының көшелерінің бірінде патрульдік полиция инспекторлары қозғалысы күдік тудырған Volkswagen Golf маркалы автокөлікті тоқтатқан. Polisia.kz-тің хабарлауынша, полицейлер әуелі жүргізуші көлік басқаруда қиындықтарға тап болған болуы керек немесе көлік жүргізген адам ауырып, медициналық көмекке мұқтаж болуы мүмкін деп ойлайды. Полиция қызметкерлері жүргізушімен әңгімелесу барысында аяғын зорға басатындай мас күйде тұрғанын байқады. Заң бұзған тұрғынға қатысты ҚР Әкімшілік құқықбұзушылық туралы кодекстің 608-бабы 1-бөлігі бойынша әкімшілік хаттама толтырылған. Талас аудандық сотының қаулысымен жүргізуші көлік құралын айдау құқығынан 7 жыл мерзімге айырылып, 15 тәулікке әкімшілік қамауға алынған.