Интегратив медицина дегенiмiз не?
Интегратив медицина дегенiмiз не?
801
оқылды
Қазір әлеуметтік желіден интегратив медицина тіркесін жиі кездестіреміз. Медицинаның бұл бағытын оқып, ем жүргізіп жатқандар баршылық. Әсіресе, желі арқылы жарнама жасап, онлайн ем тағайындайтындар да бар. Еліміздегі бірді-екілі орталық та осы бағытта қызмет көрсетеді. Бағасы айтарлықтай қымбат екені де жасырын емес. Интегратив медицина – адам ағ­засын біртұтас емдейтін ме­ди­­­цинаның бір бағыты. Яғни, тексеру ба­ры­сында альтернатив медицина да, бас­­қа тәсіл де қолданылады. Әсіресе, түр­­лі препаратты дәруменге алмастырып, дұ­­рыс тамақтану дағдысын қа­лып­тас­тырумен емдейді. Ал интегратив қа­был­даудың бағасына келсек, кемінде 20 мың теңгеден басталады. Мәселен, Аста­на­да­ғы кей орталықта интегратив отола­рин­гологтың қабылдауы 150 мың теңге кө­лемінде белгіленген. Мұны маман тап­шылығымен байланыстырып көрдік. Ин­тегратив неврологтың алғашқы қа­былдауы – 60 мың теңге, екінші мәрте жа­зылу 40 мың теңге тұрады. Осы орайда ин­тегратив медицинада қандай «сиқыр» ба­ры қызықтыратыны сөзсіз. Әрі қа­ра­пайым қабылдау мен интегратив қабыл­дау­дың айырмасы қандай? Сандуғаш Сандуғаш ШӘКІРҚЫЗЫ, интегратив дәрігер: Қабылдау бес-алты сағатқа созылады – Интегратив медицина – организмді бір­тұтас деп қабылдап, аурудың салдары бол­ған негізгі себебін тауып, емдейтін ме­дицина саласы. Артықшылығы – сауат­ты интегратив дәрігер биохи­мия­лық, клеткалық деңгейде жұмыс істеп, қа­жетті ем тағайындайды. Ауруды бас­тап­қы деңгейде ғана емдей салмай, не­гізгі себебін анықтайды. Бұл – АҚШ, Еуропада зерттеліп дамып жатқан медицина саласы. Функ­ционал медицина деп аталады. Қа­зақстанға ресейлік институттар ар­қы­лы танылып жатыр. Қазір 50 дәрігерді ин­тегратив медицина бойынша оқытып жатырмын. Егер интегратив медицинаны ЖОО білім бағдарламасына қосса, нұр үс­тіне нұр болары анық. Жалпы, 2016 жылы алғаш рет интегратив медицина туралы ес­­тідім. Андрей Гострый Алматыда дәрі­гер­лерге екі күн тегін дәріс оқыды. Сол кез­де емдеу техникасы, организмді бү­тін­дей қабылдап, емдеп, соған қарай тә­сіл жасайтыны ұнады. Өйткені оған дейін медицинада «басың ауырса бас ау­рудың дәрісін іш, өтің ауырса алып тас­та» деп тек симптомдарын емдеуді үй­­­рететін. Өз басым интегратив ме­ди­цинаны ресейлік институттардан оқы­дым. Осы күнге дейін оқуға 10 миллион тең­ге қаражат жұмсадым. Превент эйдж Аме­рика жүйесі, анти эйдж Еуропа стан­дарты бойынша білім алдым. Сонымен қатар ресейлік интегратив дәрігерлердің көптеген курсын оқыдым. Интегратив қабылдаудың ерек­ше­­лігіне келсек, 20 минут па­циен­т­­­ті көріп, ем тағайындап жібере сал­­май­сың. Шебер түрде клеткалық дең­­­­гейде ана­лиздерін талдап, қажетті ем тағайын­дау­ға кем дегенде 5-6 сағат уақыт кетеді. Ин­тегратив білім алу өте қымбат. Білі­мің­ді үнемі шыңдап, түрлі курстан өтуің ке­рек. Өйткені медицина күн сайын да­мып жатыр. Оның барлығы ақшаға ке­ліп тіреледі. Әр адамның еңбегі ба­ға­лануы керек деп ойлаймын. Сондықтан интегратив қабылдауды 50 мың немесе 150 мың деп бағалайтын әріптестеріме құрметпен қараймын. Келе-келе халық қа­былдаудың маңызын, аурудың беткі бө­лігін емес, тереңнен емдеудің тиімді­лі­гін түсінеді деген сенімдемін. Айта кетерлігі, қазір интегратив дә­рі­герлер саны артып жатқаны қуантады. Алай­да халық санына шаққанда әлі де жет­кіліксіз деп ойлаймын. Әр дәрігер ин­тегратив медицина базасын білсе, ха­лықтың денсаулығы әлдеқайда жақсы бо­лар ма еді?! Сұлушаш Сұлушаш ЕДІГЕ, интегратив педиатр: Оқыту орталығы жоқ – Интегратив медицина дегеніміз бел­гілі бір протоколға бағынбай, әр адам­ның жеке жағдайына қарап ем та­ғайын­дау. Яғни, оның жай-күйіне бай­ла­нысты альтернатив медицина болсын, бас­қасы болсын араластыра ем-шара қол­дану. Интегратив педиатрияға тоқ­талсақ, мұнымен көп аурудың алдын алу­ға болады. Сонымен қатар балаларды ем­деген кезде де денсаулыққа зияны ти­мейтін препараттарды қолдануға ты­рысамыз. Мысалы, тамақтануға көңіл бө­ліп, витаминдермен ем жүргізуге рұқ­сат. Осылайша, бала денсаулығына ке­шен­ді түрде қолдау көрсетесіз. Емдеуге кел­сек, интегратив қабылдау арқылы бір ма­маннан бірнеше маман кеңесін ала­сыз. Мысалы, анемияны емдейтін бол­сақ, асқазан-ішек жолдарын зерттейді, та­мақтануын қадағалайды. Темірдің өзін ға­на емес, темір сіңуі үшін қандай ко­фак­торлар керек екенін ескере отырып, ком­плекс түрде ем тағайындайды. Ал пе­­­диатриялық консультацияда балада жиі кездесетін ауруларды емдейсің. Ағ­за­да асқыну кездесетін болса, басқа ма­манға жібересің. Мысалы, ЖРВИ үде­се пульманологқа, асқазан-ішек жол­дарында қабыну болса гаст­роэн­те­ро­лог­қа, анемия болса гематологқа жол­дай­сың. Яғни, басты себебін анықтайсыз да, ары қарай бағыт бересіз. Интегратив ме­дицинада олай емес. Әрине, кей жағ­дайда басқа маманмен бірлесе жұмыс іс­теуің мүмкін. Көп жағдайда жалғыз өзі бір­неше маманның консультациясын жүр­гізеді. Жалпы, ата-аналар мына тұс­қа келгенде қиналады. Мысалы, үш-төрт маманнан емдеу схемасын алады да, нені қашан қолданатынын білмейді. Дәрі­лер­дің өзара әрекеттесуі, сәйкесі немесе қа­рама-қайшылығы туралы ақпарат ала ал­майды. Ал интегратив қабылдауда сізге бірінші кезекте қайсысын қолдану ке­рек, екіншісінде нені істеу керек тәп­тіш­теп түсіндіріледі. Басқа органдарға зия­ны тимейтіндей етіп схема құрып бере­ді. Профилактикалық қабылдау ре­тінде бір рет интегратив емдеуге жа­зыл­саңыз жетеді. Ал қандай да бір диагноз бол­са, емдеу ұзақтығына қарай консуль­та­ция жиілігі белгіленеді. Интегратив медицина қарқынды дамып келе жатыр. Жыл өткен сайын білімін жетілдіріп, практикадан өтіп жатқан дәрігерлердің саны артып ке­леді. Бұл – жақсы көрсеткіш. Әлі де ин­тегратив медицинаға төселген ма­ман­дар қажет. Өкінішке қарай, елімізде оқы­ту орталықтары жоқ. Ресейдегі инс­ти­туттың еліміздегі орталығынан оқи­мыз. Сондай-ақ шетелде оқып келген, инс­титут бітірген интегратив дәрі­гер­лер­дің курсына қатысып, білік деңгейін кө­теруге болады. Айгүл Айгүл СҰРАНШИНА, интегратив сурдологопед: Сурдопедагогиканың даму деңгейі төмен Интегратив сурдологопед, сурдолог дейтін мамандық жоқ. Менің бұлай атап жүр­­геніме бірнеше себеп бар. Бірін­ші­ден, дефектология – педагогиканың бір саласы. Бұл арнайы ЖОО-да оқытылады. Өз басым Ресейдің онлайн медицина уни­верситеті Превент эйдж-дан нут­ри­цио­логияны бітірдім. Мұның өзі функ­цио­нал және клиникалық болып бөлі­не­ді. Егер медициналық білімі бар дә­рі­герлер болса, оқу барысы ұзаққа со­зы­ла­ды. Ал медициналық білімі жоғы то­ғыз ай бойына он модуль оқиды. Мы­са­лы, мамандығым дефектолог болғаннан то­ғыз ай оқып, интегратив функционал нут­рициолог білік дипломын алдым. Қа­зір қабылдауыма келген есту қабілеті тө­мен, сөйлеу бұзылысы бар, РАС, ау­тизм, түрлі неврологиялық ауруы бар ба­­лаларды интегратив тәсілмен қара­ған­ды жөн көремін. Бұл не деген сөз? Ба­ла­ның бойында болып жатқан бұзылыс тек бас­та, мида, тілде деп бөліп қарамай, ағ­­­­заның жұмысы мен жүйесін толық зер­­делеймін. Көптеген дефектолог, ло­го­пед бала бойындағы бұзылысты жан-жақты қарауды білмейді. Сөйтеді де ұзақ уақыт жоғалтып алады. Сауатты диаг­нос­тика жүргізетіні аз. Мысалы, есту қа­білеті зақымданған балалар екі топқа жік­теледі. Естімейтін және нашар ес­титін. Нашар еститіндерді жеке алып қа­­­расақ, ішінде кондуктив нашар ес­тушілік пен нейросенсорлы нашар есту­ші­лік бар. Бұл диагнозды аудиолог қоя­ды. Ал ауыр естудің өзінде бала жүз пайыз естімейді дей алмаймыз. Бұл мың ба­­лаға шаққанда бірінде кездесетін жағ­дай. Генетикалық ауру болса не ба­лада зият зақымдалса кездеседі. Интеллекті сақт­алған, бірақ құлағы естімейтін бала болса, онда қалдық есту бар. Сурдопе­да­гогтің негізгі мақсаты – баладағы қал­дық естуді дамыту, ауызша сөйлеуге бейім­деу. Айта кетерлігі, баланың шарт­ты қозғалу реакциясын зерттеп көрген жөн. Қағазды мыжып, целофанды сы­тыр­латып, сылдырмақты шылдырлатып баланың назарын аударуға тырысамыз. Жалпы, интегратив жағын былай қойғанда, еліміздегі сурдо­пе­да­гогиканың даму деңгейі төмен. Уни­верситетті бітірген мамандардың білім деңгейі таяз. Мысалы, биыл оқу орнын аяқтаған сурдопедагог маман тәжіри­бе­ден өтуге келді. Қарапайым сұрақ қой­сақ, жауап бере алмады. Яғни, еліміздегі де­фектология ғылымы трансформа­ция­дан өтуді қажет ететінін білдіреді. Себебі ковид кезінде онлайн оқыды. Дефек­то­ло­гияда 3 курстан бастап мамандық бойын­ша бөлініс басталады. Логопедтер бө­лек, сурдопедагогтер бөлек оқиды. Сон­­дай дүниеден біраз студент құр қал­ды. Оған қоса университет студенттерді арнаулы мектеп пен естімейтін балаларға ар­налған бақшаға тәжірибеден өтуге алып барады. Бұл болашақ жас маман­ның мүмкіндігін тежейді. Базасы мықты, ғы­лыми зерттеу орталықтарынан тә­жіри­беден өткен тиімді. Елімізде мұндай бір ғана орталық бары рас. Жалпы, оңал­ту медициналық және оқу ағарту бағы­тын­да жүргенімен, кешенді қарап, комп­лекс ем жүргізетін орталықтан тә­жі­рибеден өткен дұрыс. Дуальды оқыту­дың өзі – осы. Байқасаңыз, баланың да­му балабақша мен мектеппен шек­тел­мейді. Сол сияқты денсаулығында ақауы бар баланы ары қарай бейімдеу үшін ма­манның да тәжірибесі көп болғаны жөн. Студенттерді жан-жақты түзету ор­­­талығынан да тәжірибеден өткізу керек. Кейде дефектологияны оқытатын оқу орнында 1,2 курс студенттеріне ин­тег­ратив білімі бар оқытушылар дәріс оқыса біршама алға жылжу боларын ой­лаймын. Өз басым үнемі ізденіс үс­тін­де жүремін. Алғаш рет Санк-Петербор­да­ғы есту, сөйлеу, көру мүшелерін ғы­лыми-зерттеу орталығында бір айлық тә­­­­жірибеден өттім. Одан кейін «Бо­ла­шақ» стипендиясымен Голландияда инк­люзив білім беру бойынша үш ай білім алдым. Әртүрлі курс пен жобаны жібермеуге тырысамын. Бұл салада бір орында отыра алмайсың. Үнемі білікті шыңдау керек. Ал интегратив қабыл­дауым 15 мың теңге тұрады. Қабылдау уа­қыты 1,5 сағаттан артық уақыт алады. Ке­шенді диагностика жасап, бала мүм­кіндігін барынша ашуға тырысамын. медицина

Айзат АЙДАРҚЫЗЫ