ҰҚК бұрынғы қызметкері үш адамды аяусыз қинап, өлтірген
ҰҚК бұрынғы қызметкері үш адамды аяусыз қинап, өлтірген
Ұлттық қауіпсіздік қызметінің бұрынғы қызметкері бір отбасының үш адамын айуандықпен өлтіріп кеткен. Тіпті, өлім құшқандар қатарында 5 жасар бала да бар. Бұл туралы SHOCK KZ Telegram арнасында жазылды. Дерекке сүйенсек, оқиға Қырғыстанның Бішкек қаласында болған. Аталмыш елдің қауіпсіздік комитетінде қызмет еткен ер адам тұрғын үйлердің бірінде 3 адамды өлтіріп кеткен. Яғни, алдымен 50 жастағы әйел адамды пышақтап өлтіреді. Мұны көріп қалған 18 жастағы қызы қашамын деп көпқабатты тұрғын үйдің балконынан секірген. Бірақ әлгі ер адам биіктен секірген бойжеткенді даладан кері үйге қайта алып кіріп, суға батырған. Артынша үйдегі 5 жасар баланы жастықпен тұншықтырады. Бейнежазбада күдіктінің жас қызды көтеріп кіріп бара жатқанын байқайсыз. Ақпаратты елдің құзырлы органы растаған. 24.kg сайтының жазуынша, күдікті ұсталған. Полиция қамауға алыпты. Тергеу жұмыстары жүргізілуде.