Еліміздің бірнеше өңірінде дауылды ескерту жарияланды
Еліміздің бірнеше өңірінде дауылды ескерту жарияланды
327
оқылды
Синоптиктер еліміздің бірнеше өңірінде дауылды ескерту жариялады. Алматы облысында тұман болады. Оңтүстік-шығыстан жел соғады, облыстың батысында, солтүстігінде екпіні - 15-20 м/с. Алматыда түнде және таңертең тұман түседі. Қызылорда облысында көктайғақ, тұман. Жел оңтүстік-шығыстан, оңтүстіктен соғады, облыстың орталығында күндіз күші 15-20 м/с-ке жетеді. Абай облысында жаяу бұрқасын болады. Жел оңтүстік-шығыстан, оңтүстік-батысқа ауысады, облыстың оңтүстігінде, батысында, орталығында екпіні - 15-20, Жарма ауданында екпіні - 26 м/с. Батыс Қазақстан облысында жаяу бұрқасын. Жел оңтүстік-батыстан оңтүстік-шығысқа ауысып соғады, күндіз облыстың солтүстік-батысында, шығысында екпіні - 15-20 м/с. Ақтөбе облысында да жаяу бұрқасын. Оңтүстіктен, оңтүстік-батыстан жел соғады, күндіз облыстың батысында, солтүстігінде екпіні 15-20 м/с-ке дейін жетеді. Атырау облысында тұман, көктайғақ болады. Оңтүстік-батыстан жел соғады, екпіні - 15-20 м/с. Солтүстік Қазақстан облысында жаяу бұрқасын болады. Оңтүстік-батыстан жел соғады, күндіз облыстың оңтүстік-батысында, оңтүстігінде екпіні - 15-20 м/с. Маңғыстау облысында тұман, көктайғақ. Оңтүстік-шығыстан, оңтүстіктен жел соғады, екпіні 15-20 м/с болады. Астанада кей уақыттарда тұман түседі. Түркістан облысында да тұман. Оңтүстік-батыстан, оңтүстіктен жел соғады, тау асуларында күші - 15- 20 м/с. Ұлытау облысында тұман түседі. Оңтүстік-шығыстан жел соғады, күндіз облыстың солтүстігінде екпіні 18 м/с болады. Жетісу облысында да тұман. Оңтүстік-шығыстан жел соғады, облыстың солтүстігінде - 15-20, Алакөл көлдері ауданында екпіні 23-28 м/с-ке дейін жетеді. Қостанай облысының көп бөлігінде күндіз қар жауады. Жаяу бұрқасын, тұман болады. Оңтүстік-батыстан жел соғады, күші - 15-20 м/с. Ақмола облысында жаяу бұрқасын, тұман. Екпіні секундына 15-20 метр болатын жел тұрады.