Түркияда құтқарушылар үйінді астынан 2 млн доллар тауып алды

Түркияда құтқарушылар үйінді астынан 2 млн доллар тауып алды

Құтқарушылар іздеу жұмыстары кезінде үйіндіні аршып, астынан 2 млн доллар тауып алады. Бірден көпшіліктің көзінше біріге отырып санап, қапшыққа салып, полицияға ұстатты, – деп жазды Anadolu агенттігі. Құтқарушылар Газиантептегі Айше-Мехмет Полат тұрағы жанындағы үйіндіден ер адамды құтқарған. Құтқарылған адамға жақын жерде шашылған бума-бума доллар жатқан. Құтқарушылар арнайы жасақтың қадағалауымен ақшаны жинап, полицияға өткізді. Полиция бастығы Галип Дурду ақша қираған әр үйден шығып жатқанын, құтқарушылар бағалы бұйымдарға емес адам жанын аман алып қалуға көбірек күш салып жатқанын айтты.